Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне қалай дайындалып жатыр? – Сарапшы пікірі  - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне қалай дайындалып жатыр? – Сарапшы пікірі 

Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне қалай дайындалып жатыр? – Сарапшы пікірі 

Жасанды интеллект дәуіріне Қазақстан ерте қадам жасады

  • 12 Наурыз
  • 2
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын экономиканың негізгі тірегі табиғи ресурстар болса, бүгінгі күні елдердің болашағы цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын қаншалықты тиімді енгізе алуына байланысты болып отыр.

Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, қазіргі технологиялық өзгерістерге бейімделе алмаған елдер болашақта жаһандық бәсекеде қалып қоюы мүмкін.

Қазақта “жиылмаған көрпе көштен қалдырады” деген сөз бар. Бүгінгі технологиялық революция да дәл сондай кезең. Сарапшылардың болжамынша, алдағы онжылдықта әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен 25 пайызы жасанды интеллекттің қатысуымен қалыптасады. Мұны ерте түсінген елдер осы салаға миллиардтаған инвестиция салып, арнайы ұлттық бағдарламалар қабылдап жатыр, — дейді ол.

Әлем жаңа экономикалық кезеңге өтті

Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер экономикасын қайта құрып, білім мен технологияға негізделген модельге көшуді жеделдетіп жатыр. Әсіресе жасанды интеллект саласына қызығушылық айрықша артып келеді.

Айбар Олжайдың пікірінше, жасанды интеллект тек IT саласының мәселесі емес, ол тұтас экономиканың құрылымын өзгертуі мүмкін.

Жасанды интеллект өндірістен бастап медицина, қаржы, логистика, ауыл шаруашылығы сияқты көптеген саланың тиімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бүгінде елдер бұл бағытты ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырып отыр, — дейді экономист.

Қазақстан ерте қадам жасаған елдердің бірі

Қазақстан да жаһандық технологиялық өзгерістерден шет қалған жоқ. Керісінше, цифрлық трансформацияны ерте қолға алған мемлекеттердің бірі саналады.

Мәселен, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап, 2026 жылды Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.

Бұл бастама елдің технологиялық болашағын қалыптастыруға бағытталған маңызды шешім ретінде бағаланып отыр.

Айбар Олжайдың айтуынша, мұндай стратегиялық қадам Қазақстанға жаңа технологиялық дәуірде өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан цифрлық даму бағытын ертерек таңдады. Егер осы саясат жүйелі түрде жалғаса берсе, еліміз Орталық Азиядағы технологиялық хабқа айналу мүмкіндігіне ие, — дейді сарапшы.

Әлем елдері де жасанды интеллектке бет бұрып жатыр

Жасанды интеллекттің маңызын енді түсініп жатқан мемлекеттер де бар. Соның бірі – Сауд Арабиясы. Жақында бұл ел де 2026 жылды жасанды интеллект жылы деп жариялады.

Бұл бастама Сауд Арабиясының Vision 2030 стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан цифрлық трансформацияның бір бөлігі саналады. Бағдарлама бойынша ел деректер экономикасын дамытып, жасанды интеллект саласында жаһандық орталықтардың біріне айналуды көздейді, — деп атап өтті сарапшы.

Технологиялық бәсекеде уақыт шешуші фактор

Сарапшының пікірінше, цифрлық экономика дәуірінде уақыт аса маңызды. Технологиялық өзгерістерге ерте бейімделген мемлекеттер ғана жаңа мүмкіндіктерді толық пайдалана алады.

Айбар Олжайдың айтуынша, Қазақстан үшін басты міндет – жасанды интеллект пен цифрландыруды тек мемлекеттік бағдарламалар деңгейінде емес, нақты экономика салаларына енгізу.

Цифрландыру – тек технологиялық жаңалық емес, ол басқару жүйесін, білім беру саласын және экономиканың барлық құрылымын өзгертуге бағытталған үлкен трансформация. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасуы тиіс, — дейді экономист.