Қазақстан жері кең. Не бақсаң да сияды, не ексең де шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жері кең. Не бақсаң да сияды, не ексең де шығады

Қазақстан жері кең. Не бақсаң да сияды, не ексең де шығады

Біздің елдің қазағы Президентке дән ырза.

  • 3 Маусым
  • 26
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы ауылшаруашылығына ғылымның назарын бұру керектігін басып айтқан еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Тоқаевтың мал шаруашылығына ерекше мән беруіне қазақстан халқы риза екенін журналист Алмас Алтай жеткізді.

Бірінші, «Адай жылқысы» деген Маңғыстаудың байырғы жылқы тұқымы — асыл тұқымды жылқы статусын алды. Бұны Ақтауға барған кезінде Тоқаевтың өзі айтты.

Енді сол Адай жылқысын өсіріп, көбейту үшін мемлекеттен субсидия бөлінеді. Заң Мәжілісте, қабылданып, Ақорда қол қойса — біздің елдің жылқы баққан әр қазағы қуанатын болды.

Алматыда ғылыми интеллигенцияның қаймақтарымен кеңес құрған Тоқаев «ауылшаруашылығы саласына ғылыми көзқарастарың керек» деген.

Былтырғы санақ бойынша Қазақстанда:

-26,4 миллион қой мен ешкі;

-4 миллионнан астам жылқы;

-300 мыңның үстінде түйе;

-9,6 миллион сиыр бар.

«Бұл енді ресми саналғаны, қазекемнің малдың санын айтуға құмар емесін ескерсек, бұдан екі-үш еседей көп болуы әбден мүмкін. Үкімет мал басына беретін субсидияны еселеп беріп, мал басын мыңғыртып көбейтуді мақсат етсе, айналасы алты-жеті жылда Қазақстандағы әр ресторанның мәзірінде — Жаңарқаның қымызы мен жылқысының еті, Атбасардың шүйгінін кешіп жеген баспақтың стейгі, Маңғыстауда өскен түс айырдың шұбаты мен құнаншаның өркеш майы, Жетісуда жайылған қойдың сүбесі тұрар еді-ау», — деді журналист Алмас Алтай.

Сонда бидайымыз әлемді тойдырып, етімізді сырттан тасымай өзіміз өндіріп, ауылшаруашылығы әбден өркендеген елге айналмас па едік.

Нәпақаның тек өндірісте ғана емес, баяғы Шалдардың сорабымен келе жатқан малда да барын жаппай түсінісер едік.

Тоқаевтың «ауылшаруашылығына ғылымның назарын бұрыңдар» дегені де осы ғой.

«Терең мәселелер де килігері хақ. Мәселен, жыл сайын күшейіп келе жатқан судың шуы бар. Ауылшаруашылығына қажет суға, суды аз «ішетін» ауылшаруашылығы дақылдарына ғылымның көзқарасы, әлбетте, аса қажет! Жұмыс бар, көрініп жатыр, мал да көбейіп келеді. Дегенмен, бұл максимум емес, биіктер алда», — деді журналист.