Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында

Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында

Қазақстанда былтыр жыл соңында 448,2 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% көп

  • 20 Ақпан
  • 12
tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мыңы әйел. Жұмыссыз қалғандардың ең көбі Алматыда: 51,9 мың адам – өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ке артқан. Екі қолға бір күрек таппаған адамдардың саны бойынша Түркістан облысы екінші, Алматы облысы үшінші орында. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жұмыссыз жүргендер аз.

Жұмыссыздыққа ең көп себеп – жұмыс таппау, сосын өз еркімен жұмыстан кету, ал үшінші орында — отбасылық жағдай бойынша жұмыстың болмауы.

Жұмыссыздыққа тағы бір себеп – ұйымның таратылуы немесе банкрот болуы, сондай-ақ штаттың қысқаруы, үй шаруашылығын жүргізу, денсаулық проблемалары,еңбек шарты мерзімінің аяқталуы және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы.

Trading Economics рейтингісіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан 182 ел арасында 74-ші орынды иеленді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан тізімнің ортасында тұр. Жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда — 1,9%, Ресейде — 2,3%, Молдовада — 3,6% және Түрікменстанда — 4,2%.

Әзербайжан, Өзбекстан,Тәжікстан және Украинада керісінше жұмыссыздық деңгейі жоғары.