Қазақстан жүргізген ақша-несие саясатын ұтымды санап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жүргізген ақша-несие саясатын ұтымды санап отыр

Қазақстан жүргізген ақша-несие саясатын ұтымды санап отыр

Бүгін қаржылық блок Президентке есеп берді. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдап, маңызды нәтижелерді атап өтті.

  • 22 Мамыр
  • 5
Фото: facebook.com/aybarolzhayev

Инфляция екі еседен астам, яғни 9,8 пайызға дейін төмендеген. Базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін түсіп, орнықты. Былтырдың нәтижесі бойынша дедолларизация рекордын жаңарттық, енді оның үлесі небары 23,2 пайыз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы экономист Айбар Олжаев жазды.

Ұлттық банктің жалпы алтын-валюта резерві 2022 жылмен салыстырғанда 0,9 миллиард долларға немесе 2,5 пайызға көбейіп, 36 миллиард долларды құраған. Ұлттық қордағы активтер 4,3 миллиард долларға өсіп, 60 миллиард долларға жетті. Активтердің табыстылығы 11,38 пайыз болды.

Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі былтыр 3,2 триллион теңгеге ұлғайып, 17,8 триллион теңгеге жетіп отыр. Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен асып, 10,1 пайызды құрады.

Енді алдағы келелі жоба — «Цифрлық теңге» бойынша Президентке барлық ақпарат берілді.

2023 жылы қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп, Open API платформасы мен Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталығы пилоттық режимде іске қосылған болатын. Негізі, болашақта елдегі жемқорлықты цифрлі теңге атымен жоя алады. Оның осы әлеуеті қазір үлкен қызығушылық тудырғаны рас.

Мемлекет басшысы қаржылық блок жұмысына оң бағасын берді. Еліміздің макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкке Үкіметпен бірлескен дәл осындай тиімді үйлесімді жұмысын жалғастыра беру тапсырылды.