Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қаржы министрлігі фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбекші

  • 28 Мамыр
  • 7
Сурет: unsplash

,Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға төменгі бөлшек сауда бағаларын мынадай мөлшерде бекіту көзделген:

  • 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге болды.

Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.