Бұл туралы ол Aqarys Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазіргі таңда әйел мен еркектің бедеулігі 50-де 50. Еркектің бедеулігі әйелдің бедеулігінен көп болмаса, аз болып тұрғаны шамалы. Статистиканы бойынша әлемде және Қазақстанда 15% еркектер — бедеу. 15% деген ол тым көп. Яғни, статистика бойыша Қазақстанда 1 жарым миллион еркек бедеу. Өкінішке орай, бұл көрсеткіш өсуде. Әрдайым аурудың алдын алған жеңіл және оны емдеу арзан. Әрдайым асқынған аурудың алдын емдеген ол қымбатқа түседі. Және оның емделіп кетуі 50-де 50», — деді уролог.
Сондай-ақ ол сұхбат кезінде елдегі еркектердің ең көп ауыратын ауруларын да атап өтті.
«Ең көп ол бедеулік және оның жыл санап өсуі. Еркектің мүшесі әлсіз тұруы да көп кездесіп жатады. Сонымен қатар тез бітіру. Әрбір қабылдауға келген 2-ші, 3-ші келген ер адам тез бітіремін деп келеді», — деді ол.
Уролог маман бедеуліктің неден пайда болатынын да айтып берді.
«Бедеуліктің екі түрі болады. Туа пайда болған және жүре пайда болған. Туа пайда болған ол анасының жатырында тұрып-ақ белгілі болады. Гармоны дұрыс жетілмей болып қалып жатады. Ал жүре пайда болған ол өздері лайықты болып жатады. Жыныс инфекциялары көп болып кетті. Еркектер әркімге барғаннан болады. Мүшеқап қорғайды деп жатады. Ол адамды 100 пайыз қорғамайды. Өйткені ол мүшеқаптың сапасына байланысты, арзан, қымбат және сапалы, сапасыз деген сияқты. Сонымен қатар, қосылған әйелдің немесе еркектің жыныс инфекциясының аз, көптігіне байланысты. Ол тек мүше арқылы ғана емес, тер арқылы да жұғатын да жағдайлар кездесіп жатады. Вирустар, бактериялар бар. Олар да жұқтырады. Ол жыныс мүшеге, әріқарай аталық безге түседі. Аталық безде қабыну процесін туындатады. Ұрықтың жүретін каналы бекітіліп қалады деген сияқты. Ол тексерілмей үйленеді, ол инфекцияны барып әйеліне жұқтырады. Әйелінің трубасын бекітеді. Ұрықтар аналық безге жету үшін трубадан өту керек. Әйелдің трбуасына өткізіп, инфекцияны әйеліне жұқтырады. Өзі де бедеулікке ұшырап, әйелін де бедеулікке ұшыратады», — деді уролог маман Нұрлан Мұқанов.