Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Темекі құны артады.

  • 11 Шiлде
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 15 шілдеде «Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» өзгертілген бұйрық күшіне енеді.

«Мынадай ең төменгі бөлшек бағалар қолданылатын болады: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда — 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 870 теңге», — делінген хабарламада.