Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министр ақбөкендерге маманданған ғылым өкілдерімен және сарапшылармен алғашқы кездесу ұйымдастырылғанын айтты.
«Екінші кездесуді күтеміз. Ғылым жағдайды тағы бір рет жан-жақты зерттеп, міндеттемелерді бағалап, шешім қабылдауы үшін уақыт қажет. Қазірдің өзінде біз адам әрекетімен қақтығысты көріп отырмыз. Сонымен қатар, эпизоотияға байланысты қауіптер бар. Мұнда өте салмақты шешім қажет. Сондықтан ғалымдар жауапты тұлғалармен және орман шаруашылығы комитетімен бірлесіп бұл мәселені пысықтауда. Менің ойымша, жақын арада шешім қабылданады, тапсырма берілді», – деп толықтырды ол.
Ерлан Нысанбаев шешім биылғы жылы қабылданады деп есептейді.
Сондай-ақ, журналистер реттеу қалай жүргізілетінін нақтылады.
«Әдеттегідей. Бұл арнайы желілерді пайдаланып аулау немесе ату. Басқаша қалай болмақ? Бірақ соңғы шешімді қазір ғылым қарастыруда», – деп толықтырды ол.