Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
- Қызметтік міндетін атқару кезінде:
жедел медициналық жәрдем;
авариялық-құтқару қызметтері;
құқық қорғау органдары;
көліктік бақылау органдары;
арнаулы мемлекеттік органдар;
ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар;
Ұлттық оператор және жекеше әріптеске тиесілі, жолды күтіп-ұстауға арналған арнайы техника;
жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органның арнайы көлігі.
- Қала маңындағы және іргелес елді мекендер қатынасында:
аудан немесе облыс орталықтарына, астанаға және республикалық маңызы бар қалаларға қатынайтын тұрақты жолаушылар автобустары;
бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген автобустар;
жүк көліктері мен ауылшаруашылық техникалары – су тосқауылдары мен теміржол өткелдерін кесіп өту үшін;
бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері.
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері.
Бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері арнайы топқа енгізіліп, ақылы жолдағы бақылау жүйесінде төлем алынбайды.
Жеңілдікті алу үшін тиісті санат өкілдері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға ресми өтінім жіберіп, көлік нөмірін және автобустар үшін маршрут парағын қоса ұсынуы қажет.