Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
14 ақылы учаскенің проблемалы бөліктерінің жалпы ауданы шамамен 1,1 млн шаршы метрді құраған. Қабылданған шара жол жабындысын нормативтік талаптарға сәйкес келтіруге және жол пайдаланушылары үшін сенімді әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондықтан, ақауы бар учаскелердегі жол жүру ақысы уақытша алынбайды.
Төлем алуды тоқтату 2026 жылғы 29 қаңтардан бастап күшіне енеді және қозғалыстың қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер ететін барлық ақаулар толығымен жойылғанға дейін сақталады. Ақауларды жою жұмыстары 2026 жылы жол құрылысы маусымы аясында басталып, технологиялық дайындыққа және қолайлы ауа райына байланысты жүргізіледі, — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ақылы автожолдардың жағдайы тұрақты түрде мониторингтен өткізілетіндігі айтылды. Тексерулер мен бақылау ақауларды уақытылы анықтау және жою үшін тұрақты түрде жүргізіледі.
Мәлімет үшін: Келесі ақылы жол учаскелеріндегі төлем мөлшері өзгертілді:
Көкшетау – Петропавл
Павлодар – Семей – Қалбатау
Павлодар – Омск
Астана – Теміртау
Алматы – Қонаев
Қонаев – Талдықорған
Шымкент – Қызылорда
Орал – Самара
Орал – Саратов
Астана – Павлодар
Қызылорда – Арал
Ақтөбе – Орынбор
Қостанай – Троицк
Тараз – Қайнар