Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады

Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды  Қазақстандағы алғашқы бокс-парк Алматы қаласында ашылады, деп хабарлайды Sput

  • 24 Қыркүйек
  • 6
Фото - Caravan.kz

Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды

 Қазақстандағы алғашқы бокс-парк Алматы қаласында ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады 

© Photo : «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Бокс-парктің басты ерекшелігі сол, серуен аймағы толығымен теңіз контейнерлерінен жасалған.

«Онда дүкендер, кафе, спорт студиялары, кеңсе мен демалыс орындары ашылады. Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жасыл аллеялар, балалар алаңдары және мәдени іс-шараларға арналған ашық аспан астындағы амфитеатр бар.

1/3

© Photo : «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады 

Жаңа серуен аймағы Кешен Төле би көшесі мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан. Жалпы аумағы – 2,7 мың шаршы метр. Бокс-парктің ресми ашылуы 27 қыркүйекте өтеді.

Айта кетері, бұл жобаны жеке кәсіпкер іске асырып отыр. Ол үшін «Almaty Business – 2025» бағдарламасымен 6 процентпен 7 жылға 500 млн теңгенің несиесін алған. Жаңа кешеннен қала бюджетіне жыл сайын шамамен 30 млн теңге салық түседі.

Перейти к новостям спорта