Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.17
  • 599.54
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды

  • 28 Сәуiр 2025
  • 3
ФОТО: РИА новости

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отаны онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаков жасады. Дәрігер онкологиялық ауруы асқынған науқастың бір бүйрегін роботтың көмегімен кесіп алып тастады. Сондай-ақ ағзаны көбейіп кеткен лимфалық түйіндерден тазартты.

Операция кезінде заманауи Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформа алғаш рет қолданылды. Негізгі артықшылықтары:

қатерлі ісіктің кеңінен тараған формаларына қарсы тиімділігі;

науқастың денесіне көп жарақат салмай, барынша ыңғайлы ота жасау;

ота жасалатын жердің 3D-визуализациясы;

микрохирургиялық дәлдік;

операцилық бригадаға түсетін жүктеменің азаюы;

науқастарды қорғаудың интеллектуалдық жүйелері.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, осы отадан кейін Қазақстандағы онкохирургия дамудың жаңа әрі маңызды сатысына шығып отыр.