Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
—Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, — делінген қаулыда.
Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.