Қазақстанда алғашқы рет "Жібек жолы" теміржол туры ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғашқы рет "Жібек жолы" теміржол туры ашылды

Қазақстанда алғашқы рет "Жібек жолы" теміржол туры ашылды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 14 Қараша
  • 8
Фото: турзим және спорт министрлігі

Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы бағыты бойынша өтетін бұл бес күндік тур 2024 жылдың 16 қарашасында басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тур бағдарламасында Түркістан мен Ташкенттің негізгі көрікті жерлеріне бару қарастырылған.

Сондай-ақ, туристерге гидтің қызметі, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және кіріс билеттері ұсынылады.

Тур барысында туристерге Орта Азиядағы ежелгі қалалардың бірі – Отырарды көру, Арыстанбаб кесенесіне, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайына, Орталық Азиядағы «Караван-Сарай» туристік кешеніне бару мүмкіндігі беріледі.

Турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ TauKomek Travel, «Туран Қазақстан Тревел», Grand Soluxe Travel Company, SkyWay Travel, Kompas және Khan Turan Travel компанияларымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Туристік агенттіктердің мәліметі бойынша, 16-20 қараша аралығында өтетін толық турпакеттің бағасы, оның ішінде гидпен экскурсиялар, тамақтану және Ташкенттегі қонақ үйде түнейтін орын бағасы:

– ересектер үшін – шамамен 135 мың теңге; – 5-15 жас аралығындағы балалар үшін – шамамен 100 мың теңге.

Сондай-ақ, тек пойыз билеттерін сатып алуға болады:

– ересектер үшін – шамамен 70 мың теңге; – балалар үшін – шамамен 35 мың теңге.