Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр

Қазақстанда артиллериялық снаряд шығаратын алғашқы зауыт салынып жатыр

Өнім 2027 жылы шығарылады күтіліп отыр

  • 10 Желтоқсан
  • 3
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Great Sky» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко негізгі оқ-дәрі компоненттерін шығаратын төрт кәсіпорынды қамтитын «ASPAN» жобасы туралы айтты.

Жобадағы алғашқы зауыт — ASPAN-1 қазіргі уақытта салынып жатыр. Онда снарядтар мен миналарға арналған корпустар шығарылады.

«Жобаның әлеуеті зор. Себебі оқ-дәрі өндірісіне қажетті барлық шикізат — металл, мақта, қышқылдар және басқа да материалдар — Қазақстанда бар», — деді Тихоненко.

Жобаға Қазақстан армиясында қолданылатын миномет миналары мен артиллериялық снарядтар (82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм), сондай-ақ экспортқа арналған НАТО стандартындағы оқ-дәрілер — 155 мм снарядтар (M107, M795) және 60 мм миномет снарядтарының өндірісі кіреді.

ASPAN-1 2027 жылдың басында өнім шығара бастайды деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 500 миллиард теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта