Қазақстанда әуе саласына жасанды интеллект енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әуе саласына жасанды интеллект енгізілмек

Қазақстанда әуе саласына жасанды интеллект енгізілмек

Үкімет басшысы әуе тасымалында цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу арқылы саладағы бизнес-процестерді автоматтандыруды тапсырды.

  • 19 Ақпан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Жолаушылар тасымалын дамыту мақсатында қолданыстағы әуе кемелерінің паркін үнемі толықтырып, жаңартып отыру қажет. Әуе компаниялары қарыз алу және лизинг тетіктерін пайдаланады. Бұл жұмысқа даму институттарын, соның ішінде квази мемлекеттік даму институттарын да белсенді тарту керек, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Премьер-министр Көлік министрлігі, Ұлттық экономика және Қаржы министрлігіне шағын әуе компанияларын қолдау шараларын пысықтауды тапсырды. 

— Одан бөлек Көлік министрлігі Цифрлық даму, инвестициялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу арқылы саладағы бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша жұмысты күшейтуі қажет, — дейді ол.