Қазақстанда ажырасу "тиімсіз" болады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ажырасу "тиімсіз" болады

Қазақстанда ажырасу "тиімсіз" болады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірі айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр

  • 9 Сәуiр
  • 12
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Салық кодексінің жобасында неке бұзғаны үшін алынатын мемлекеттік бажды қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы — 1 966 теңге) 5 АЕК-ке дейін (19 660 теңге) көтеру ұсынылған.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл бастама неке бұзуға қатысты шешімді терең әрі саналы түрде қабылдауға ықпал етуі тиіс.

Мемлекеттік бажды арттыру – ажырасу туралы шешімді эмоцияның жетегінде емес, байыппен қабылдауға итермелейді. Бұл әсіресе жастар арасында негізсіз ажырасулардың азаюына сеп болуы мүмкін, – дейді депутат.

Бейсенғалиев бұл ұсыныстың бюджетті толықтыру емес, керісінше некеге және отбасылық жауапкершілікке байыпты қарауды қалыптастыру мақсатын көздейтінін атап өтті.