Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді

  • 12 Қараша 2025
  • 6
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға 5-6 жастан бастап еш кедергісіз, тіпті ата-анасының келісімінсіз, верификациясыз тіркеле алады. Осылайша ол кез келген контентке қол жеткізе алады.

«Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Аустралияда тіркелуге рұқсат жасы — 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге ата-анасының расталған келісімімен ғана тіркеле алады», — деді ол.

Депутат осы мәселеге орай жауапты министрліктердің өкілдерінің пікірін сұрады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда қатаң шектеулер енгізу жоспарланып отырмағанын, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.