Қазақстанда баспана бағасы тағы да өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда баспана бағасы тағы да өсті

Қазақстанда баспана бағасы тағы да өсті

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауды жалғастырды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа салынған үйлердің құны бір жылда 11,3%-ға артқан. Ал екінші нарықтағы пәтерлер 8,8%-ға көтерілген

  • 11 Қыркүйек
  • 8
ФОТО: freepik.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле ресімделген. 

Көшбасшылар қатарында Астана (9 457 мәміле, жалпы көлемнің 22,9%), Алматы (8 402, 20,3%) және Қарағанды облысы (2 923) бар. Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді. Ол жақта небәрі 283 мәміле жасалған.

Белсенділіктің өсімі Жетісу (+24,4%), Ұлытау (+14,6%) және Батыс Қазақстан (+10,2%) облыстарында байқалды. Ал төмендеу Қызылорда (-19%), Түркістан (-8,6%) және Жамбыл (-5,9%) облыстарында тіркелді.

Шамамен 80% мәміле пәтерлерге тиесілі (32 853), олардың ішінде ең танымалы — 1 бөлмелі пәтерлер (12 734 мәміле). Жеке үйлер бойынша 8 527 келісімшарт жасалды (+0,7% шілдемен салыстырғанда).

Тұрғын үй бағасы өсуді жалғастыруда. Жаңа құрылыстар бір жылда 11,3%-ға қымбаттады. Екінші нарықтағы үйлер — 8,8%-ға көтерілсе, жалға алу құны да өсіп отыр. Бір жыл ішінде пәтер жалдау 8,5%-ға қымбаттаған, — деп жазылған Ұлттық статистика бюросының хабарламасында. 

Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға айтарлықтай құбылып тұр. Тамыз айында жаңа және екінші нарықтағы баспана құны, сондай-ақ жалға алу ақысы бірнеше өңірде рекордтық деңгейде өсті. Сарапшылардың мәліметінше, ең жоғары өсім Павлодар, Ақтөбе, Алматы және Қызылорда қалаларында тіркелген.

Жаңа үйлер бағасының ең жоғары өсімі Павлодарда тіркелді (+25,8%), сондай-ақ Алматы мен Қызылордада (+15,3%). Екінші нарықта Ақтөбе (+20,2%) мен Павлодар (+17,8%) көш бастады. Ал жалға алу бағасы ең тез Ақтөбеде (+43,5%), Көкшетауда (+21%) және Жезқазғанда (+20,2%) өсті, — делінген хабарламада. 

Перейти к новостям спорта