Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қағидалар келесі ұғыммен толықтырылды:
- өлшеу құралы – өлшеулер жүргізуге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал.
Дәрілік заттарды сақтау шарттарын бақылау немесе мониторинг жасау үшін қолданылатын өлшеу құралдары калибрленуге (тексеруден өтуге) тиіс екені нақтыланды. Өлшеу құралдарын тексеру Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, дәрілік заттарды сақтау шарттарын бақылау немесе мониторинг жасау үшін қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және жөндеу дәрілік заттардың сапасын сақтау және жағымсыз әсерлердің алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
Сақтау орындарында дәрілік заттар келесі параметрлердің біріне сәйкес бөлек сақталады:
- фармакологиялық топтары бойынша;
- қолдану тәсіліне қарай (ішке қолдану, сыртқа қолдану);
- агрегаттық күйіне қарай;
- физика-химиялық қасиеттеріне және сыртқы орта факторларының әсеріне байланысты.
Дәрілік заттар, фармацевтикалық субстанциялар және қосымша заттар ластануға, шатастыруға және айқаспалы контаминацияға жол бермейтін үй-жайларда сақталады.
Бұйрық 2026 жылғы 28 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.