Қазақстанда депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма?

Қазақстанда депрессия кезінде жұмысқа шықпаса бола ма?

Қазақстанда "депрессия" диагнозы қойылғанда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма? Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен сұрап білдік

  • 6 Қараша 2025
  • 5
Midjourney көмегімен жасалған кескін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сұрақ

Редакцияға оқырман жүгініп, әлеуметтік желілерде депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге болатыны туралы жазбаны көргенін айтты.

«Threads-та қызық пост көрдім. Шынымен депрессия кезінде аурухана парағын ашып береді ме?» – деп сұрады ол.

Скриншот: Threads

Денсаулық сақтау министрлігі жауабы

Жағдайды нақтылау үшін министрліктің баспасөз қызметіне жүгіндік.

Ведомство мәліметінше, депрессия диагнозын психиатр дәрігер қояды.

«Сондай-ақ алғашқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог анықтай алады, бірақ нақты диагноз қою, ем тағайындау және пациентті бақылауды психиатр дәрігер жүргізеді», – деп түсіндірді министрлік.

Депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын шынымен рәсімдеуге болады. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты.

«Егер дәрігер пациенттің жағдайы уақытша еңбекке қабілеттілігін шектейді деп есептесе, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылуы мүмкін», – деді баспасөз қызметі.

Ал орта және ауыр дәрежедегі депрессия кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес стационарлық жағдайда емделу ұсынылады.