Қазақстанда егіс алқаптарының 83%-і жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда егіс алқаптарының 83%-і жиналды

Қазақстанда егіс алқаптарының 83%-і жиналды

Егін жинау науқаны агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр

  • 7 Қазан
  • 7
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 20,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады.

Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-і жиналған. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер:

1,4 млн тонна майлы дақыл;

2,5 млн тонна картоп;

3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда:

324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат;

441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз;

287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Перейти к новостям спорта