Қазақстанда ел-жерді аралайтын цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 524.66
  • 550.21
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ел-жерді аралайтын цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады

Қазақстанда ел-жерді аралайтын цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады

Келесі жылдан бастап ел-жерді аралап, шоу бағдарлама қоятын цирктер мен жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін кішігірім зообақтардың жұмысына түбегейлі тыйым салынады. Экология министрлігі бұл тыйымның әзірше үлкен цирктерге қатысы жоқ деп отыр

  • 18 Желтоқсан
  • 2
ФОТО: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл өзгеріс көшпелі окенариум мен дельфинарийлерге де қатысты. Яғни, жан-жануарлар мен балықтарды енді жүк көлігіне салып алып, айлап гастроль сапармен ауыл-аймақ, қала, кенттерді аралауға болмайды. Жаңа ережеге бағынбағандарға қомақты айыппұл салынады.

Бас эколог Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда осы саланы бірізділікке түсірсек, министрліктің айналысар келесі шаруасы ірі циирк болмақ. Көршілес Өзбекстандағыдай, барлық жабайы жануарлар мен үйретілген аң-құстарды зообаққа ауыстыру мәселесі қолға алынады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

— Бұл ереже 1 қаңтардан бастап іске асырылады. Байланыс жасайтын зообақ деп жатамыз ғой, жан-жануарды бейберекет ұстататын, сондай зообақтың барлығына тыйым салынады. Басқа елден келетін көшпелі цирктер де осы санатқа жатады.