Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады

Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді

  • 14 Сәуiр
  • 17
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті, — деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде, — деді ҚМДБ.