Қазақстанда есірткі өндірушілер өмір бойына сотталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда есірткі өндірушілер өмір бойына сотталады

Қазақстанда есірткі өндірушілер өмір бойына сотталады

Елімізде есірткі өндірушілерге қатысты ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бар.

  • 21 Қазан
  • 6
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке тоқталып өткім келеді. Осы жылдың басынан бастап есірткі өндірушілерге қатысты заң күшіне енді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны көздейді, – деді Қуандық Әлжанов.

Сарапшы атап өткендей, бұл шара – мемлекет тарапынан есірткі бизнесіне қарсы күрестің барынша қатаңдатылғанын көрсетеді.

2024 жылы полиция 29 есірткі зертханасын жойып, 419 кг синтетикалық есірткі тәркілеген. Ал 2025 жылдың 9 айында – 12 зертхана жойылып, 1 тоннадан астам синтетикалық есірткі алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Егер 1 граммнан үш доза алынатынын ескерсек, шамамен 3 миллион доза заңсыз айналымға түспей қалды. Бұл – мыңдаған адамның өмірі мен тағдыры сақталып қалды деген сөз, – деді Әлжанов.

Биыл ұзақ мерзімді жедел жұмыстар нәтижесінде 16 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, оның ішінде 3-еуі трансұлттық деңгейде әрекет еткен.

76 адам ұсталды, оның ішінде:

  • 16 – топ жетекшісі,
  • 60 – белсенді қатысушы.

Сондай-ақ 24 тоннаға жуық химиялық заттар тәркіленді, оның ішінде 17 тонна прекурсорлар мен түрлі реактивтер мен құрылғылар бар.

Перейти к новостям спорта