Қазақстанда ескі көлік иелері үшін көлік салығы азаяды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ескі көлік иелері үшін көлік салығы азаяды

Қазақстанда ескі көлік иелері үшін көлік салығы азаяды

Елде жаңа көліктер үлесі артпады. Бүгінде азаматтардың көбісінің жаңа авто алуға мүмкіндігі жоқ.

  • 4 Мамыр
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Көлік салығының мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері 10 жастан асқан көліктерге қолдануды ұсынылды. Бұл туралы Сенат депутаттарына жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, автокөлік иелері жеңіл автомобильге салық салуды қайта қарау мәселесін көп жылдан бері көтеріп келеді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, көліктің «жасы» неғұрлым үлкен болса, салық ставкасы соғұрлым төмен болады.

Мысалы, автомобиль 10 «жаста» болғанда 0,7 коэффициентін қолдану ұсынылады, 15 жастан 20 жасқа дейін – 0,5; 20 жастан жоғары – 0,1.

Бектенов атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда жасы 10-20 жылдан асатын ескі автокөліктер көп. Бірақ олар бойынша салық жаңа автомобильдермен бір деңгейде төленеді.

Премьер-министр айтуынша, жылдар өте келе тозған техника жиі бұзылып жатады, ал оны тиісті жағдайда ұстау үшін үлкен қаржылық шығындар талап етіледі.

Елде жаңа көліктер үлесі артпады. Бүгінде азаматтардың көбісінің жаңа авто алуға мүмкіндігі жоқ.

«Біз ескі-құсқы автомобильдердің әрі қарай пайдаланылуын ынталандырмауымыз керек! Үкімет, керісінше, жаңа автомобильдерді сатып алуға қозғау салуға немесе оған басқа бір балама ұсынуға тиіс еді. Осы бағытта іс-шаралар кешені жүзеге асырылса, тек сонда ғана біз ескі машиналардың елге ағылуына тосқауыл қоя аламыз. Оған дейін жолдардағы қауіпсіздік, экологиялық тұрақтылық мәселесі жайына қалады», – деді «Ортақ жол» жол жүрісі қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов.

Шығарылған жылы бойынша бүгінде:

— 20 жылдан асқан көнерген көлік санының үлесі – 45,1%,

— 10 жылдан 20 жылға дейінгісі – 23,6%,

— 7-ден 10 жылға дейінгілері – 12,9%,

— 3-тен 7 жылға дейінгі жаңа көліктердің үлесі – небары 12,1%;

— автокөлік құралдарының тек 6,2%-ының шығарылған жылы 3 жылдан кем. Су-жаңалары осынша ғана.

Шығарылған жылы 20 жылдан асып кеткен жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 326,5 мың бірлік. Алматы қаласында – 189,4 мың, Жамбыл облысында – 166,4 мың, Қарағанды облысында – 162,9 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 155,2 мың көнерген көлік көшеде салдырлап жүр.