Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Некелесушілер саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр.
«Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына және Түркістан облысына тиесілі», — делінген хабарламада.
Елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады.
Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі.
Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.