Өз бойындағы ерекшелікті қай уақыттан бастап сезгенін айтқан Лаура есімді (аты-жөні өзгертіліп алынды-ред) лесби қыз Caravan.kz порталының тілшісіне сұхбат берді.
— Ең алғаш өзгелерге ұқсамайтындығыңызды, жігіттер емес, өз жынысыңыздағы арулар ұнайтынын қашан түсіндіңіз?
— Мен 14-15 жас аралығында түсіндім. Себебі, маған ер адамдардың киімі ұнайтын. Әдемі қыздарды көрген кезде олардан рахат алатынмын. Оларды көрген маған ұнайды. Қыз болсам да, жігіттерше киінген ұнайтын. «Өзімнен үлкен ағам болғандықтан ерлер киімі ұнайды» деп ойлайтынмын. Бірақ 15 жастан асқаннан кейін өз жынысымдағы адамдардың ұнайтынын түсіндім. Сонымен қатар, маған олармен бірге уақыт өткізген ұнайды. Маған мектеп кезінде балалар әңгіме айтып, мақтап жатқан кезде ол маған ұнамайтын. Ал керісінше құрбыларым, басқа сыныптың қыздары мені мақтаған кезде маған ол майдай жағатын. Жалпы айтқанда, мен оны 15 жасымда түсіндім.
— Лесби қыз екеніңізді қабылдау қаншалықты қиын болды?
— Негізі, оны біраз уақыт бойы түсінбей жүрдім. Өзіммен жұмыс жасадым, өзімді зерттедім. Шынымен сондаймын ба, әлде бұл уақытша нәрсе ма деген ойым болды. 20 жастан асқаннан кейін 14 жастағы сезімімнің әлі өзгермегенін. Әлі де ерекше сезім, толқыныс барын түсіндім. 22 жасымда өз жынысымдағы қызбен қарым-қатынас болды. Бірінші қадамды өзім жасадым. Бұл өте ерекше сезім.
— Ата-анаңыз, туыстарыңыз бұл құпия туралы біле ме? Яғни, каминг-аут жасадыңыз ба?
Ата-анам да, туыстарым да, тіпті ең жақын достарым да бұл құпияны білмейді. Олар менің лесби екенімді қабылдай алады деп ойламаймын. Себебі, адамның өмірге деген көзқарасы әртүрлі. Мен олармен күнделікті өмір сүріп жүргеннен кейін олардың көзқарасының қандай екенін жақсы білемін. Олардың ЛГБТ-ға көзқарасын білемін, көріп жүрмін. Сондықтан ішімдегі шынайы сезімімді олармен бөлісуге әзірге дайын емеспін. Мен дайын болғаныммен, олар дайын еместігін білемін. Сондықтан оларға айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі, мен оларға айтатын болсам біздің арамыз бірден бұзылып кетуі мүмкін. Мен оларды жоғалтып алудан қорқамын және бұл құпиямды ешкім білмейді деп үміттенемін.
— Имамдар «гей, лесби» дегендер жоқ, оларды емдеуге болады» деп жатады. Осы жағынан қарастырып көрдіңіз бе?
— Оны емдеуге бола ма, болмай ма деген сұраққа жауап беру өте қиын. Бұл жағын қарастырып, зерттеп көрген жоқпын. Әркімнің өз өмірі, талғамы, қалауы бар. Менің ойымша бұл уақытша нәрсе сияқты. Қоғамдағы басқа қыздар айту жайлы аулақпын. Дегенменде, менің ойымша бұл уақытша құбылыс. Өйткені, біз күндердің бірінде тұрмысқа шығамыз, ана атанамыз. Ал емдеу, емдемеу жағын ойланып көрмеппін.
— Қазақстанда гей, лесбилер көп пе? Мүмкін білетін шығарсыз?
— Қазақстанда иә, өте көп. Мен оларды зерттедім. Олардың қай жерде жүретіндерін, не ұнататындарын, олардың өзгешеліктерін, ерекшеліктерін өте көп зерттедім. Соңғы екі жылда ғылым ретінде зерттеген сияқтымын. Себебі, өзіме ұнайды. Адамға не нәрсе ұнайды, соны соңына дейін зерттейтіні анық. Сондықтан мен де зерттеп көрдім. Қазақстанда өте көп. Екінші бетпердемен жүруге тура келеді. Себебі, жаңа айтқанымдай оны көп адам түсінбейді. Ал ашық жүрген адамдардың басы өзіңіз білетіндей дауға қалып жатады. Шу болып кетеді, ел теріс айналып кетеді. Олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерткілері келеді. Артық проблема болып кетеді. Мен артық проблеманы қаламағандықтан оны ешкімге жарияламаймын және мұның қаншалыққа созылатынын білмеймін. Сол себепті біздің өз қоғам бар, орта бар. Соған байланысты біз өмір сүреміз. ЛГБТ мүшесімін деп ашық айтып жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені, ол сенің жеке өмірің, жеке болғандықтан жеке болып қалғаны дұрыс.
— Сұхбатыңызға рақмет!