Қазақстанда гибрид көлікке сұраныс артып келеді   - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда гибрид көлікке сұраныс артып келеді  

Қазақстанда гибрид көлікке сұраныс артып келеді  

Қазақстандықтардың неліктен гибридті көлікке бет бұрғаны белгілі болды.

  • 30 Наурыз
  • 33
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда электромобильге қызығушылық сақталғанымен, соңғы уақытта жүргізушілер арасында гибридті көліктерге сұраныс күшейіп келеді.

 Сарапшылар мұны елдің климаттық жағдайымен, инфрақұрылым мүмкіндігімен және ұзақ жолдағы қауіпсіздік сезімімен байланыстырады.

QazAutoStandard автомобиль сарапшылары мен аудиторлары қауымдастығының президенті Ербол Сейпіловтің айтуынша, бүгінгі таңда толық электрлі көліктер негізінен қала ішінде пайдалануға қолайлы.

Қалаға ыңғайлы, ал алыс жолға ше?

Маманның сөзінше, электромобильдің басты шектеуі – қала сыртындағы зарядтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі.

Қала сыртына еш алаңдамай шығып кете алмайсың, жолда қуаты таусылып, діттеген жерге жетпей қалам ба деген қауіп бар. Осыған байланысты әлемдік автокөлік индустриясы осындай тізбекті гибридтерді ойлап тапты. Бұл – қозғалтқыштың көмегімен қуатталып, электромобиль сияқты жүретін көліктер. Сондықтан мұндай машиналар адамдардың ішкі күдігін аз да болса сейілтеді, – деді Ербол Сейпілов.

Гибрид неге тиімді?

Сарапшылардың пайымынша, гибридті көліктердің артықшылығы – олар электрлі қозғалыстың үнемділігін сақтай отырып, жанармай қозғалтқышының көмегімен ұзақ қашықтықта да сенімді жүруге мүмкіндік береді.

Әсіресе Қазақстан секілді арақашықтығы ұзақ, елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан елде бұл фактор жүргізушілер үшін маңызды болып отыр. Оның үстіне, ауа райының құбылмалы болуы мен қыс мезгіліндегі суық та электромобиль батареясының қуатына әсер ететіні белгілі.

Нарықтағы жаңа таңдау

Осы себептерге байланысты қазақстандықтар соңғы кезде толық электромобильден гөрі гибридті нұсқаларды көбірек қарастыра бастаған. Мұндай көліктер қала ішінде электр қуатымен үнемді жүруге, ал ұзақ сапарда қозғалтқыш арқылы қуат алып, жолды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан гибридтер бүгінгі нарықта электромобиль мен дәстүрлі жанармай көлігінің арасындағы ең қолайлы шешімдердің бірі ретінде бағаланып отыр.