Қазақстанда грипп пен пневмониядан көз жұмғандар саны артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда грипп пен пневмониядан көз жұмғандар саны артып келеді

Қазақстанда грипп пен пневмониядан көз жұмғандар саны артып келеді

Қазақстанда грипп пен пневмония салдарынан қайтыс болғандардың саны өсіп отыр. Биылғы жылдың алғашқы жартысында бұл аурулардан шамамен 1 800 адам көз жұмған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары көрсеткіш.

  • 10 Қазан
  • 10
Фото: nordbayern.de

Дәрігерлердің айтуынша, биыл эпидемиялық маусым әдеттегіден ерте басталып, вирустың ауыр түрі белсенді таралуда. Caravan.kz медиа порталы жалғастырады. 

Вирус, әсіресе, балалар, егде жастағы азаматтар мен созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті.

Ұлттық статистика бюросының және денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың мәліметінше, соңғы жылдары грипп пен пневмониядан болатын өлім-жітім деңгейі айтарлықтай өзгеріп отыр. 2020 жылы пандемия кезінде бұл көрсеткіш шамамен 11 мың адамға жетсе, 2021 жылы ол екі есеге азайған. 2022 және 2023 жылдары 3 мыңға жуық адам көз жұмған, ал 2024 жылы бұл сан 3 400 адамға дейін өскен.

2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, Алматы қаласы грипп пен пневмониядан қайтыс болғандар саны бойынша бірінші орында тұр — 241 адам. Одан кейінгі орында Қостанай (189 жағдай) және Қарағанды облыстары (189 жағдай), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы (139 жағдай) мен Ақмола облысы (121 жағдай) орналасқан. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген —  14 адам.

Балалар арасындағы статистика оң өзгерістерді көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бір жасқа дейінгі 62 бала грипп пен пневмониядан көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға аз.

№ 1 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлнара Жүнісова биылғы вирустың ерекшелігі мен қауіптілігін атап өтті.

«Биыл грипп вирусы ауырлау өтуде. Аурудың басталуы катаральды белгілермен, атап айтқанда, мұрын бітелуі, жөтел және әлсіздікпен байқалады. Ең қауіптісі, аурудың циклділігі қысқарған, бірнеше сағаттың ішінде жағдай күрт нашарлап, асқынулар дамиды. Пневмония, тыныс жеткіліксіздігі, тіпті өкпе ісінуі секілді ауыр жағдайлар жиілеп кетті», — дейді ол.

Шымкент қаласында биыл тоғыз айда 84 мыңнан астам ЖРВИ және 304 грипп жағдайы тіркелген. Оның жартысына жуығы А типті, қалғандары В типті вирус болып анықталған. Қалалық бюджет есебінен 150 мың доза вакцина бөлінген.

Мамандар вакцинацияның маңыздылығына тоқталды. 

«Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцина салдыруға жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, педагогтар, әскери қызметкерлер және жүрек-қан тамыр немесе тыныс алу жүйесінде созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтар жатады. Қалған тұрғындар үшін вакцина ақылы түрде қолжетімді», — дейді маман.

Мамандардың айтуынша, жөтел, тамақтың ауыруы және дене қызуының көтерілуі жай ғана «күзгі әлсіздік» емес, ауыр вирустық инфекцияның белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер өздігінен ем қабылдамауға және алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Перейти к новостям спорта