Мемлекет басшысының 18 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ботақановтың орнына Балтабеков сайланды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды»,- деп мәлімдеді Ақорда.