Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр

Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. – Бұл экономиканың негізгі салаларына жасанды интеллект

  • 17 Сәуiр
  • 3
Фото: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Бұл экономиканың негізгі салаларына жасанды интеллект шешімдерін енгізуге бағытталған акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама командаларды іріктеу мен оқытудан бастап, салалық бағыттар бойынша пилоттық жобаларды сүйемелдеу және іске қосуға дейінгі барлық негізгі кезеңді қамтиды, — деді Ғиззат Байтұрсынов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Жасанды интеллект шешімдерін енгізуге бағытталған акселерациялық бағдарламаның бірінші кезеңі келесі саланы қамтыды:

  • Тау-кен өнеркәсібі (Mining) — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
  • Энергетика және мұнай өндіру саласы (EnergyTech) — Энергетика министрлігі;
  • Медициналық технологиялар (MedTech) — Денсаулық сақтау министрлігі;
  • Қаржы технологиялары (FinTech) — «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО);
  • Мемлекеттік технологиялар (GovTech) — Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Одан әрі министрлік өкілі акселерациялық бағдарламаның бірінші кезеңінің нәтижесімен бөлісті. 

– Бағдарламаға қатысушы компаниялардан 116 өтінім қабылданды, 32 компания іріктеуден өтіп, акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады. 3 ай ішінде түрлі салада 27 пилоттық жоба іске қосылды. Сол сияқты 4 жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып, тиімділігі мен ауқымын кеңейту әлеуетін растады, — дейді Ғ. Байтұрсынов.