Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге шектеу енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге шектеу енгізілмек

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге шектеу енгізілмек

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі ба

  • 26 Қыркүйек
  • 5
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – тұтынушылық несиелендірудің өсу қарқынын шектеу және азаматтардың шамадан тыс қарыздық жүктемесінің алдын алу.

Атап айтқанда, соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесінің коэффициентін (ҚЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету қарастырылған. Бұл шара мұндай қарыз алушылардың шамадан тыс міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеп, қайталама дефолт ықтималдығын азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге төмендегі жағдайлардың бірінде шектеу қойылады:

  • банктік қарыздар бойынша 30 күннен астам немесе микрокредиттер бойынша 1 күннен астам мерзімі өткен берешек болғанда;
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 ай ішінде негізгі қарыз немесе сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған жағдайда;
  • соңғы 12 айда қайта құрылымдау жүргізілгенімен, қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген жағдайда.

Айта кетейік, бұған дейін валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды ұсыну қағидалары жаңартылған болатын.

Перейти к новостям спорта