Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сұраныста жартысына жуығы жұмысшы мамандықтар үлесі (47,6%) — 48,9 мың бос орын.
«Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)», — делінген хабарламада.
Салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары.
«Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді», — делінген хабарламада.
Ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) жарияланған.
Қаңтарда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны
- бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап),
- өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап),
- бас геологтарға (803 мың теңгеден бастап) ұсынды.