Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады: Толық тізім - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады: Толық тізім

Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады: Толық тізім

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Салықтан толық босатылатындар Ұлы Отан соғысының арда

  • 11 Тамыз
  • 6
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Салықтан толық босатылатындар

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, соның ішінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқандар;
КСРО ордендері мен медальдарымен еңбек және майдандағы қызметі үшін марапатталғандар;
Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
«Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері;
Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалерлері;
«Отан» орденінің иегерлері;
«Батыр ана» орденімен немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарымен наградталған көпбалалы аналар;
Мотоколяскаға немесе автокөлікке ие мүгедектігі бар адамдар (жеңілдік бір көлік құралына ғана қолданылады).


Ұйымдар үшін:

Мемлекеттік органдар мен оқу орындары – қозғалтқыш көлемі 3 000 текше сантиметрге дейінгі бір автокөлік пен бір автобусқа;

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен фермерлер – агроөндірісте қолданылатын арнайы техникаға.

Қосымша:

Ескі көліктерге салық жеңілдігі: 10–20 жылдық көліктерге – 30%, 20 жылдан асқан көліктерге – 50% жеңілдік; Құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 70,8 млн теңге) асатын автокөлікті сатқанда 10% акциз енгізіледі. Егер иесі көлікті бір жылдан артық уақыт иеленсе – акциз алынбайды.

Еске салайық, шілденің ортасында Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын. Барлық толық мәліметті жоғарыдағы сілтеме арқылы білуге болады.

Перейти к новостям спорта