Қазақстанда концерт және театрға бару қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда концерт және театрға бару қымбаттайды

Қазақстанда концерт және театрға бару қымбаттайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Tengrinews.kz-

  • 5 Мамыр
  • 6
ФОТО: Midjourney

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, бұл құжат республикалық театрлар, мұражайлар, мұражай-қорықтар, концерттік ұйымдар, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының жұмыстарының бағасына өзгерістер енгізеді.

«Бұйрық бойынша республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың театрлық қойылымдары мен концерттерінің, республикалық музейлердің экспозициялық залдарының бағасы белгіленеді. Бұйрық 2020 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазір бағаны өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Іс-шараның түріне және билет санатына байланысты өсім бірқалыпты болады», — деп жазылған жауапта.

Министрлік әлеуметтік осал санаттар үшін баға қолжетімді боларына сендірді. Ведомство баға қалай өсетінін нақтыламаған. Өзгерістер тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

Перейти к новостям спорта