Қазақстанда неке сақинасының құны 38 процентке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда неке сақинасының құны 38 процентке қымбаттады

Қазақстанда неке сақинасының құны 38 процентке қымбаттады

Қаңтар айының соңында бір грамм алтынның құны 89 мың теңгеге дейін өсті

  • 11 Ақпан
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда алтыннан жасалған неке сақинасының құны 17 ай қатарынан қымбаттап жатыр

Өткен жылдың қаңтар — желтоқсан айларында Қазақстанда зергерлік және ұқсас бұйымдар өндіру көлемі рекордтық 2,8 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе көп.

«Қазақстанда қаңтар айының соңында бір грамм алтынның құны 89 мың теңгеге дейін өсті. Жыл басынан бері алтын 9,1%-ке қымбаттады», — деп жазды портал.

Қазақстанда алтын неке сақинасының бағасы 2024 жылдың ортасынан бастап қатарынан 17 ай өсіп жатыр және екі жылдан астам уақыт бойы төмендеген жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша алтын неке сақинасы бір айда 1,1%-ке, ал бір жылда 38,2%-ке қымбаттады. Айта кетері, 2023 жылдың желтоқсанында жылдық өсім тек 2,7% болды.

Әсіресе Алматыда неке сақинасының құны 64,6% көтеріліп, қатты шарықтаған. Бұдан кейін Түркістан және Ақмола облыстары тұр. Ал Жетісу мен Маңғыстау облысында алтын неке сақинасының құны 14%-ке дейін ғана көтерілді.