Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды

Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) E-Qazyna электрон платформасында бес әшекей бұйымды сатты

  • 24 Сәуiр
  • 5
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аукцион форматындағы сауда 23 сәуірде өтті.

Сатылымға Cartier Love білезігі мен сақинасы, зүбаржат тасы бар сырға, аквамарин тасы бар сақина, гауһар тасы бар алтын сақина және інжу мен гауһар тасты сырғалар қойылған.

«Сатылған активтердің жалпы сомасы 5 425 246 теңге болды», – делінген хабарламада.

Бұл әшекейлер қайдан алынған?

Бұл әшекейлер заңсыз байыды және қаражатты шетелге шығарды деген күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Есімдері аталмайды, бірақ бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер болуы мүмкін.

Мұндай заттарды сатумен 2023 жылы арнайы құрылған Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) айналысады.