Қазақстанда онлайн оқуда әйелдер алда келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда онлайн оқуда әйелдер алда келеді

Қазақстанда онлайн оқуда әйелдер алда келеді

Статистикаға сәйкес, Skills Enbek кәсіби онлайн оқыту платформасында пайдаланушылардың 60%-дан астамы әйелдер. Бұл ретте олар кем дегенде бір курсты аяқтап, шамамен 81% сертификат алды

  • 7 Наурыз
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, 1 наурыздағы жағдай бойынша порталда 527,5 мың пайдаланушы тіркелген, оның 433,4 мыңы оқуын аяқтаған. Сәйкесінше тіркелендер арасында әйелдердің үлесі 62%-ды құраса, оқытудан өткендердің 61% нәзік жандылар.

Оқуын аяқтаған әйелдердің ең көп саны Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Білім алушы әйелдердің орташа жасы – 38 жас, ең кішісі – 14 жас, ал ең үлкені – 78 жаста. Сонымен қатар 140 және 182 курсты меңгерген әйелдер де бар.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары бойынша курстарға әйелдер көптеп жазылуда. Әйелдер оқитын ерекше курстардың ішінде «Автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру», «Жылу желілерінің жабдықтары, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электр слесарлық жұмыстар», «Қазандық агрегаттарына қызмет көрсету және жөндеу» бар.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары әйелдерге курстарды таңдау бойынша ұсыныстар берді. Олардың айтуынша, кәсіпкерлік, IT-сала, маркетинг, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қызмет сияқты танымал бағыттарға назар аудару қажет.

Перейти к новостям спорта