Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнім өндірісі екінші жыл қатарынан қысқарған. Қазіргі уақытта тәтті өнімге деген сұранысты импорт қатамасыз етіп отыр.
Биыл қаңтар — наурыз айларында 19,4 мың тонна шоколад өнімі өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 11,2%-ке аз. Ал бір жыл бұрын 17,8%-ке күрт төмендеген болатын.
«Биыл шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдерге деген сұранысты отандық кондитерлер небәрі 38,5% қамтамасыз еткен. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 44,5% болған. Салдарынан импорт көлемі 12,8%-ке өсіп, Қазақстандағы сұраныстың 61,5%-ін импорт қамтып отыр», — деп жазды агенттік.
Шоколад бағасы 71 ай қатарынан өсіп келеді. Мәселен, биыл наурызда шоколад бір айда 3,6%-ке қымбаттаған, ал өткен айда бірден 4,5%-ке көтерілді.
2011 жылдан бергі баға көтерілуін салыстырсақ, биыл бір жылда шоколад 28,8%-ке рекордық деңгейде қымбаттады.
Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында шоколад қымбат. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы және Астана Шымкент қалалары тұр. Ал шоколады арзан аймақ – Қызылорда мен Атырау облыстары.