Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды

Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», — деп жазылған бұйрық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары 2024 жылғы 28 маусымда VIII сайланған екінші сессияның жұмысын аяқтап, демалысқа шықты.