Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады

Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады

Қазақстанда барлық сауда нысандарында жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салынады.

  • 23 Қыркүйек
  • 7
Фото:depositphotos.com/ urf

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жалдау ақысын қайта қарау жылына бір реттен жиі болмауы жөнінде шектеу қойылған. Бүгін бұл нормаларды барлық сауда нысандарына таратуға мүмкіндік беретін түзетулер дайындадық», – деді министр.

Ведомство мәліметінше, түзетулер ережелерге енгізілген және Әділет министрлігінде келісу мен тіркеу сатысында тұр. Жаңа ережелердің енгізілу мерзімі туралы министрлік кейінірек хабарлайтыны айтылды.

Болашақта, егер сауда нысандарында жалдау ақысы жылына бір реттен жиі көтерілсе, жалға алушылар Сауда және интеграция министрлігіне шағымдануға құқылы болады.

Перейти к новостям спорта