Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді

Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді

Қаржы министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы бұйрықпен "соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі мен нысанына өзгерістер енгізді

  • 6 Қыркүйек
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.

Көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады.

Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:

  • ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;
  • кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша осындай өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы.

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.

Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;

  • кредитор мен борышкерге «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;

Берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.

Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.

  • өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

  • Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.