Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болады

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болады

Қазақстанда ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиі ресми түрде мойындалады

  • 26 Мамыр
  • 108
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі егжей-тегжейлі пысықталады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты.

Қазір ым-ишара тілі ресми мәртебеге ие болған елдердің тәжірибесі зерттеліп жатыр.

Оның айтуынша, Қазақстанда есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған 25 оқулық әзірленген, 2030 жылға дейін тағы 30-ға жуық оқулық шығарылады.

Көшербаев мұғалімдерді даярлайтын «Сурдопедагогика» бағдарламасы республиканың 3 жоғары оқу орнында барын айтты. Арнайы педагогика бойынша мұғалімдерді даярлайтын басқа да бағдарламалар 17 жоғары оқу орнында бар.