Қазақстанда таксидің өзін-өзі реттеуі және тасымалдаушылар палатасының пайда болуы қандай қауіп төндіреді? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда таксидің өзін-өзі реттеуі және тасымалдаушылар палатасының пайда болуы қандай қауіп төндіреді?

Қазақстанда таксидің өзін-өзі реттеуі және тасымалдаушылар палатасының пайда болуы қандай қауіп төндіреді?

Жолаушылар тасымалын нарық өзі реттуі керек, алайда Үкімет нарық реттеуі тиіс салалардың барлығын өз қолына алып жатыр. Бұл ретте біз қоғамда қарастырылған, кейін кері қайтарылған, алайда пилоттық жоба ретінде ұсынылған жаңа заң нормасы туралы сөз қозғаймыз.

  • 28 Ақпан
  • 13
Фото: tourister.ru

Қазақстанда такси нарығын өзгерте алатын заң жобасы қарастырылды. Жаңа заң шеңберінде мүшелік міндетті болатын автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палаталарын құру ұсынылды. Бұл кедергі ме әлде мүмкіндік пе? Caravan.kz медиа порталы зерттеулер мен сарапшылар пікірін ұсынады.

Бұл шала бастама аясында бағалар үлкен хаос басталуы мүмкін дейді сарапшылар. Сонымен қатар палаталар тарифтерді белгілеу және жарналар алу құқығына ие болады. Өз кезегінде ҚР Көлік министрлігінде оны пилоттық жобадан бастау ұсынылды. Заң жобасын бірінші оқылымнан кейін мәжіліс депутаттары көлік министрлігіне қайтарды.

«Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы қоры (СЖТБҚ)» телеграм арнасында хабарланғандай, сарапшылар автокөлікпен тасымалдаушылар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның пайда болуы бағаның айтарлықтай өсуіне және саладағы қызметтер сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Нарыққа қатысушылар өз кезегінде ешқандай өзгеріс қажет емес деп санайды, өйткені қазіргі жүйе онсыз да жақсы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек палата мүшесіне кіре алмай қалғандар көлеңкелі кәсіпке ауысып, нәтижесінде жемқорлыққа әкелуі мүмкін дейді қоғам белсенділері.

Нарық үшін құрудың үлкен тәуекелдері және бағаның сөзсіз өсуі

СЖТБҚ заң жобасы такси мен қоғамдық көлікті негізсіз бір санатқа біріктіретінін, осылайша айқын мүдделер қақтығысын тудыратынын атап өтті. Бұдан басқа автобуспен тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар тиімділігі төмен бизнестің табысты бизнесті паразиттей бастауына әкелуі мүмкін, бұл нарықтық экономикаға қайшы келіп, тарифтердің өсуіне әкеледі.

Сонымен қатар, заң жобасы нарық қатысушыларына агрегаторлардың әртүрлі бизнес-модельдерін ескермей, нарықтың басқа қатысушыларына қатысты оларға тән емес бақылау функцияларын жүктейді. Егер InDrive комиссияны алдын-ала алса және қалааралық тасымалдау сегментінде алда болса, ал Яндекс пен Апару сервистерінің өз жұмыстарына көзқарастары басқа.

Сонымен бірге СЖТБҚ барлық агрегаторлардың тасымалдаушылар емес, IT-компаниялар болып табылатынын атап өтті.

Палаталар алатын тасымалдау тарифтерін белгілеу құқығы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне мүлдем қайшы келеді. Баға келісімінің қаупі де жоққа шығарылмайды, өйткені Палаталарға тарифтерді белгілеу құқығын беру монополияға қарсы заңнаманы да бұзуы мүмкін.

Сонымен қатар, таксопарктер үшін 1,2 млн теңгеден бастап 9,4 млн теңгеге дейін, ал агрегаторлар үшін 14,1 млн теңгеден бастап 33 млн теңгеге дейін құрайтын міндетті мүшелік жарналар сөзсіз қызметтердің қымбаттауына алып келеді.

Өзін өзі реттейтін ұйымға нарыққа кіру критерийлерін белгілеу құқығын беру басшылықпен келіспейтін қатысушыларды заңды бизнестен тыс қалдыратын теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

СЖТБҚ сарапшылар мен талдаушылар өзін-өзі реттейтін Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палатасын құру монополиялауға, сондай-ақ тасымалдаушылар мен жүргізушілердің нарықтан жаппай кетуіне әкелуі мүмкін деп санайды.

«Жалпы, такси нарығына тіпті өзін-өзі реттеу формасында да мемлекеттің араласқаны жағымсыз сигнал. Әр бизнес тиісті қызмет көрсетіп, оған өз бағасын қоюы керек. Оның нарығы бәсекеге толы болуы тиіс. Енді палата ойыншыларының сөз байласып, монополиялық бір бағаны ұстап тұруына толық жол ашылады. Сговордың көкесін осы кезде көреміз», — деп пікір білдірді Айбар Олжаев.