Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді.
- 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда;
- 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
«Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі», — делінген хабарламада.