Қазақстанда үш жаңа СЭС салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда үш жаңа СЭС салынады

Қазақстанда үш жаңа СЭС салынады

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр

  • 26 Наурыз
  • 9
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

«Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар былтыр қыркүйекте қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп жатқаны айтылды. Қазіргі уақытта шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.

«Жол картасын іске асыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», — деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.