Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Президент елімізде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлгенін еске сала кетейік.
Жасанды интеллекттің дамуы үлкен мүмкіндіктермен де, елеулі тәуекелдермен де жүреді. Осы салада құқықтық реттеудің болмауы – басты мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл заң жобасы бірнеше міндеттерді шеше отырып, осы олқылықты жабады, — деді депутат.
Смышляева міндеттерге жеке тоқталып өтті.
Біріншіден, заң жобасы жасанды интеллект технологиясын пайдалану процесінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұнда біз пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтары, олардың жеке деректері туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар жаңа технологияны пайдалану кезінде барлық процестердің ашықтығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру өте маңызды.
Екіншіден, заң осы саладағы әзірлеушілер мен инвесторлар үшін түсінікті және ашық «ойын ережелерін» жасайды. Бұл құқықтық сенімділікті қамтамасыз етеді, жасанды интеллект технологияларына деген сенімді арттырады және инвестицияларды тартуға ықпал етеді.
Үшіншіден, заң жобасы экономикада жасанды интеллектті енгізу кезінде мемлекеттің рөлін айқындайды. Сондай-ақ депутаттар жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қағидаттарын белгілейді.