ХӘҰ-ның 2024 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, ЖЖОКБҰ-да құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан жиырма пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-да қашықтан оқытуға жол берілмейді.
ЖЖОКБҰ-да кадрларды даярлаудың басқа бағыттары бойынша кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан елу пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.