Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады

Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады

Кәсіпорынның құрылысы 2025 жылдың тамызында басталады

  • 15 Мамыр
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың «Thorniko», «Ovodan Egg Group» және «Шаңырақ» компаниялар тобының өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше жобаға «Шаңырақ» компаниялар тобы бастамашы болған.

«Біз қолданыстағы заңнама аясында толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған», — деді Айдарбек Сапаров.

Ал инвесторлар қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа болатын кәсіпорынның құрылысы 2025 жылдың тамыз айында басталатынын хабарлады. Жобаның жалпы құны — 15 миллиард теңге.

Компания өкілдері жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өнім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетері, бүгінде отандық өндіріс елімізді жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіп отыр.